Негізгі мақсат — мемлекеттегі заңдылықты сақтау
Реформалар аясындағы негізгі бастамалардың бірі «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның қабылдануы болып табылады. Бұл – еліміздің тарихында прокуратура органдарына қатысты конституциялық мәртебесі бар ең алғашқы заң. Заң қадағалау органының құқық қорғау функцияларын айтарлықтай кеңейтіп, оның сот төрелігі жүйесіндегі рөлін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша құралдарын ұсынады. Заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға үндеу жасауға құқылы.
Лаула Матай,
волонтер