Ойын орталығы ашылды

  Биыл ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында балаларға арналып аудан орталығынан ойын-сауық орталығы ашылған болатын. Бұл орталық балалардың уақытын қызықты әрі көңілді өткізуге арналған батутты аймақ, құрғақ бассейн,ойын кешендері мен сырғанақ сынды заманауи үлгідегі ойын құрылғыларымен жабдықталған. Орталықтың иесі – Сәтбаев қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Арай Бірімғазина. Осы балалар ойын алаңын ашу үшін 18 млн. теңге қаражатын жұмсапты. Мұнда бағасы өте тиімді: бала басына 2000 теңге төлегеннен кейін пайдаланылатын уақыт еш шектелмейді. Сондай-ақ көпбалалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған. 3 баланың екеуіне ақылы қызмет көрсетсе, үшіншісі тегін ойнайды. Ақысыз қызмет ерекше балалар мен туған күн иелеріне де тиесілі. Барлық балалар үшін бұл орталық қызықты,əрі көңілді ойын алаңына айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *