Құқықтық сананы дамыту — мемлекеттің басты мақсаты
Мемлекет халықтың құқықтық санасын кеңейту және тереңдету бойынша белсенді жұмыс атқарады. Қазіргі таңда халықтың құқықтық санасын арттыруға және нығайтуға бағытталған түрлі білім беру бағдарламалары, семинарлар, науқандар іске асырылуда. Азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, азаматтардың бойында заңға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мәселелері тек Әділет министрлігі ғана емес, барлық басқа да мемлекеттік органдар қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Құқықтық мемлекет жағдайында заңның әлеуметтік реттеушілер жүйесіндегі рөлі артады, адамдардың мінез-құлқындағы, қоғам мен мемлекет өміріндегі құқықтық қағидаттардың күшеюі байқалады. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесімен тығыз байланысты.
Дәурен Ізтөлеуов,
Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты