ЖАҢА ЕМХАНА – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

  Биыл аудан тұрғындары үшін аса қуанышты жыл болды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында, сондай-ақ биылғы жылға табан тіреген ауданымыздағы қос мереке – жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы мен Жаңаарқа ауданының 95 жылдығына орай аудан орталығынан тұрғындар үшін жаңа емхана есігін айқара ашты.
“Астана Премиум Строй” ЖШС-нің мердігерлігімен 1500 шаршы метрді құрайтын ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, емхана ретінде қайта жаңғырып отыр.

  Екі қабатты нысанды қайта жөндеуге 380 млн. теңге қаражат жұмсалса, аудандық аурухана мен жаңа емхананы заманауи құрылғылармен жабдықтауға 400 млн. бөлінген.

  Емханада консультативтік-диагностикалық, профилактикалық, скринингтік және ана мен баланы қорғау сияқты көмек түрлері көрсетіледі.

  2024 жылдың басынан бері ауданымыздың денсаулық сақтау саласында бірқатар жағымды жаңалық орын алды. Ақпан айында Бидайық және Байдалы би ауылдық округтерінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттердің ашылуына куә болдық. Одан бөлек, тағы екі ФАП пен 6 медициналық пункт жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *