КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ПӘТЕР
Биыл ауданымыз үшін берекелі жыл болды. Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мерейлі мейрам – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аталмыш нәзік жандылар, көпбалалы аналар баспаналы болды. Олардың қатарында ауданымыздың алтын құрсақты аналары да бар. 2 қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін ауданымыздың басшысы Қанат Қожықаев табыстап, ақ тілегін білдіріп қайтқан болатын. Барлық 8 отбасына бұйырған 3 бөлмелі пәтерді иеленушінің бірі, 9 баланың анасы Ангелина Бодыкова. Баспаналы болғанына қуанышты ана аудан әкімдігіне алғысын білдірді. Барша отбасыларға баспаналы болуын тілей отыра, келер жылы да табысты, берекелі жыл болатынына сенімдімін!