Заң үстемдігі — әділетті қоғам негізі

http://Сот арқылы қорғау — құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот төрелігі арқылы қорғау тәсілдерінің бірі. Сот қорғау құқығын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдету, білікті сот кадрларымен қамтамасыз ету, қажетсіз бюрократиялық рәсімдерді жою және заманауи ақпараттық технологияларды енгізу секілді шаралар қабылдауда. Мақсат – сот өндірісі процедуралары әрбір азамат үшін түсінікті ашық, қолжетімді және әділ болатындай сот жүйесін құру. Азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы дау туындаған жағдайда немесе қандай-да бір қылмыстық іс қозғалған жағдайда, әркімнің заң негізінде құрылған тәуелсіз және бейтарап соттың істі ақылға қонымды мерзімде әділ және жария түрде қарауына құқығы бар екенін қамтамасыз ету маңызды.

Қуаныш Төлеутай,

журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *