КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ПӘТЕР

  2024 жыл ауданымыз үшін қуанышқа толы жыл болды. Біршама мерекелер атап өтіліп, қоныс тойлар тойланып, кәсіптік нысандар бой көтерді. Көпбалалы отбасылар үшін де берекелі жыл болды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымызға қарасты Талдыбұлақ, Сейфуллин, Байдалы би ауылдық округтерінде көпбалалы аналар баспаналы болды. Жаңаарқа ауданының құрылғанына 95 жыл толуына және мемлекет және қоғам қайраткері, сұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына, сондай-ақ Халықаралық әйелдер күніне тұспа тұс келген бүгінгі қуаныш алтын құрсақты аналардың мерейлерін одан әрі үстем етті. 2 пәтерлі тұрғын үйлердің кілттерін аудан әкімі Қанат Қожықаев иелеріне салтанатты жағдайда табыстап, құттықтап қайтқан болатын. Талдыбұлақ ауылдық округінде табысталған пәтерлерге Айгүл Искакова мен Динара Аймышева иеленсе, Сейфуллин ауылдық округіндегі баспаналар Жанабай Нүркеев және Елдар Жұмабаев сынды көпбалалы әкелерге бұйырды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары – Саят Беғалин мен Шынар Дәкенова Байдалы би ауылдық округінде қоныс тойын тойлады. Келер жылы да осындай қуаныштарға толы болады деген сенімдеміз. Әр отбасыға бақыт пен қуаныш тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *