Сауда орталығы ашылды

   Биыл ауданымызда біршама елеулі оқиғалар орын алып, біршама нысандар бой көтерді. Солардың бірі, ауданымыздың орталық көшесінде орналасқан екі қабатты ескі ғимараттың қайта бой көтеруі. Жаңа сауда үйінің иесі – жеке кәсіпкер Сырлыгүл Дүйсенова. Кәсіпкерлікпен айналысуды 20 жыл бұрын бастаған аудан тұрғыны бүгінде кәсібін одан әрі дөңгелетіп, жаңа жобасын жүзеге асырып отыр. Қазір де бұл нысанның бірінші қабатынан әмбебап дүкен ашты. Мұнда тұрғындарға қажетті кеңсе тауарлары, автобөлшектер, киім-кешек және көптеген үйге қажетті заттар сатылымда тұр. Ендігі де кәсіпкер екінші қабаттан мейрамхана ашамын деп жоспарлап отыр. Алдағы уақытта бұл нысан халық игілігіне жарап, ауданымыздың ілгері дамуына өз үлесін қосады деген сенімдемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *