Фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді

  Биыл ауданымызға қарасты Бидайық және Байдалы би ауылдық округтердінде фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді. Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы Абзал Жайлыбаев және ауыл тұрғындары жаңа ғимараттардың лентасын қиды. Сондай-ақ тұрғындар ауылдарда ел игілігіне арналып салынған медициналық нысандардың ашылғанына қуаныштарын білдіріп, алғыс-тілектерін айтқан болатын. Айта кетейік, биылғы жылы Талдыбұлақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің және Айнабұлақ, Кенжебай-Самай, Ақбастау елдімекендері мен Мыңадыр, Атасу стансаларында 5 медициналық бөлімшелердің құрылыстары басталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қараағаш ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *