Орталықтың миссиясы мен мақсаты
Мансап орталығының миссиясы: студенттің, түлектің, маманның тиімді мансаптық жолын қалыптастыру және жүзеге асыру, болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету.
Орталықтың қызмет мақсаты: студенттің, түлектің маманның мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру;
-Еңбек нарығына талап етілетін студенттердің «Soft Skills» дағдыларын қалыптастыру;
– еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектің және маманның кәсіби шеберліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Орталықтың міндеттері: мамандарға қажеттілікті ескере отырып, мамандық таңдауға көмек; өңірдегі сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізуде мұғалімдердің, жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларының, жұмыс берушілердің, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен басқа да мүдделі тараптардың ата-аналарының белсенді қатысуын көздеу жоспарын жүзеге асыру; жұмыс беруші серіктестермен келіссөздер жасау, кәсіптік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы шарттар жасау; БАҚ құралдарына мақала жазу колледж студенттерін өндірістік орындарға саяхат ұйымдастыру, ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу. Колледж түлектерінің мансаптық жоспарларын іске асыруғу көмек көрсету; түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; түлектердің кәсіби дағдылары мен іскерліктерін дамыту үшін, сондай-ақ олардың еңбек нарығына табысты бейімделуі үшін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру; тәжірибеден өту орнын таңдауға жәрдемдесу.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша