Бірыңғай уақыт белдеуі
Көктемнің алғашқы күнінен бастап бүкіл Қазақстан UTC+5 уақыт белдеуіне ауысқан болатын. Осы уақыт аралығында осыған қатысты түрлі пікірлер туындағаны баршамызға мәлім. Менің ойымша, жаңа уақыт белдеуіне көшуіміздің денсаулыққа және ағзаға тигізер еш зияны жоқ.
Одан да оның басты тиімділігіне аса назар аудара білу қажет. Адамның ағзасы мен ағзадағы циркадтық ритмдердің адаптациясы бір-екі күнде бейімделеді.Ал, жаңа уақытқа сай өзінің әдеттерін қарастыруы адамзаттың өзіне байланысты. Мұндағы басты мәселенің бірі – халқымыздың басым бөлігі ерте жатып, ерте тұруға үйренбегендігінде деп ойлаймын. Біз қазір қараңғы батса да, ұйқыға асықпаймыз, смартфон секілді девайстарға назар ауып кетеді.
Сондықтан, ағзаға жұмысын бірқалыпты ұстау қиындайды. Өйткені адамның биологиялық сағаты ауыспайды – кеш батқанда біздің ағза ұйқыға дайындалады, таң атқанда оянамыз. Сол себепті, біздің ағзамызды ештеңе өзгерте алмайды.
Гүлнәз АМАНЖОЛОВА,
№1 мектеп-лицейінің мұғалімі