Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Жарқын болашаққа қадам

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болашаққа сенімділікпен әрдайым анық бағытбағдар береді. Кемел келешек пен оған жету жолында қандай жұмыстар атқару қажеттігін айқындап келеді. Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікте ғұмыр кешіп, ұлт болып ұйысып, тұрақтылықты ту еткен ел. Мемлекет басшысы ел дамуының ерекше жолын айқындап, әр Жолдауында халықтың әлауқатын көтеру мақсатында нақты тапсырмалар береді.
Осы соңғы жылда ауданымызда не өзгерді? Барлық кент және ауылдық округтерде дәрігерлер жұмыспен қамтылып, денсаулық бағыты қолға алынды. Аудан бойынша негізгі көшелерге жол салынды. Қазіргі таңда, біз үшін мәселе болған жарық пен су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Президентіміз айтқандай: “Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар”. Ендеше, ел үшін еңбек етіп, Мемлекет басшысы бастаған әрбір оң бастамаларын қолдап, ауданымыздың дамуына баршамыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Айдана ЖАРКЕЕВА,
Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *