Заң мен құқықтық тәртіп – ел болашағының іргетасы
Еліміздің сот және құқық қорғау жүйелері Әділетті Қазақстан құрудағы қоғамдық сұранысқа сай реформалануда. Қазіргі таңда, соттар, прокуратура, полиция заңды сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылдауда. Сондықтан қылмыстық процесті цифрландыру жұмысы – азаматтардың құқығын қорғау кезінде тиімді құралы болуға тиіс. Заң бәріне бірдей, оған барлығы сөзсіз бағынады. Заңнамалық қайшылықтар азаматтардың пайдасына түсіндіріледі. Әрбір адамның ар-намысы, қадір-қасиеті және заңды мүдделері құрметтеледі. Заңның көмегімен мемлекет адамдардың саналы мінез-құлқына әсер етіп, оларды заңды мінез-құлыққа итермелейді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігінде Парламент маңызды рөл атқарады.
Қуаныш Төлеутай, волонтер