«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

Құрметті егемен елдің тұрғындары. Сіздерді бүгінгі тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Ата баба аңсаған азаттықтың ақ таңы 1991 жылдың дәл осы күні жарияланып, атқан болатын. Ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен қорғаған дархан дала, бодандықтың бұғауында болған ел егемендік алды.

1986 жылдың дәл осы күні алаңға шығып, өздерінің пікірін білдірген өрімдей жастардың үміті ақталды. Мұзда жанған алау егемендіктің көк жалауына айналып, көкке көтерілді. Егемендігіміз еңселі болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Азаттықтың ақ таңы ата берсін.

Салтанат Аманқызы 

«Жаңаарқа газет» редакциясының директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *