Тәуелсіздік-ел тұғыры!

Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күн игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, Қазақ елі!

Қайсар Сейпішов, Ұлттық спорт жанашыры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *