Жолдау 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы елімізде айрықша орын алды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты. Әдеттегідей маңызды құжатта саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларға қатысты мәселелер қамтылды. «Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», деп қадап айтты мемлекет басшысы. Жалпы отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біздер жұмыс істеуіміз керек. Жолдауды жүзеге асыратын өзіміз. Сөзден іске көшу керек.

Ғани Аринов, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *