Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік

  Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті және кез келген заң бұзушылық үшін міндетті жазалауды қамтамасыз ету шараларын күшейтті. ІІМ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде. Мысал келтірер болсақ, өткен жылы ведомствоның қызметін 11,5 миллионнан астам азамат пайдаланған. Олардың ішінде ең танымалы: көлік құралдарын рәсімдеу (3,8 млн астам азамат), төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру (2,9 млн азамат), азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару (2,4 млн); жүргізуші куәлігін беру (900 мың азамат). ІІМ қызметкерлеріне қоғамда тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік артылған. Заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді.

Дәурен Ізтөлеуов, Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *