Кемел келешектің кепілі

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы болашақтың жарқын бейнесін әрдайым анық бағдарлайды. Кемел келешектің қандай болатынын, оған жету жолында табысқа кенелу үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігін де айқындап келеді.
Иә, Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікте ғұмыр кешіп, ұлт болып ұйысып, тұрақтылықты ту етіп, толағай жетістіктерге жетіп жатқанына жаһан жұрты куә. Бұл ретте, Мемлекет басшысы ел дамуының ерекше жолын айқындап, жұртшылық назарына әр жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында нақты тапсырмалар береді.
Алысқа көз салмай ауданымызды мысал ретінде алуға болады. Соңғы жылда ауданымызда не өзгерді? Барлық кент және ауылдық округтерде фельчерлік акушерлік пункт ашылып, денсаулық бағыты қолға алынып, дәрігерлер жұмыспен қамтылды. Аудан бойынша негізгі көшелерге жол салынып, бүгін біз үшін мәселе болған жарық пен су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы: “Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар.” деген болатын. Ендеше ел үшін еңбек етіп. Мемлекет басшысының бастаған әрбір оң бастамаларын қолдап, ауданымыздың дамуына баршамыз үлес қосуымыз керек деп есептеймін.

Ізтөлеуов Дәурен Досымұлы, Жаңаарқа ауданы мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *