Пробация қызметінде есепте тұрған жандар арасында спорттық сайыс өтті

Аудан орталығында орналасқан “Модуль” спорт кешенінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес, шашки ойындарынан жарыс өтті. Спорттық сайысқа 20-дан астам адам қатысты. Пробация қызметі түзету мекемесінен босап шыққан жандар мен есепте тұрған азаматтар үшін арнайы жарыс ұйымдастырылды. Мақсат біреусалауатты өмір сүру салтын насихаттау мен спортқа деген қызығушылықты ояту.
Іс-шараның ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Жәнібекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа құрметті қонақ ретінде Жаңааарқа
аудандық прокуратурасының прокуроры Динара Ерқанатқызы Әліпбаева және Жаңаарқа ауданы прокурорының м.а Жігер Сакенұлы қатысты. Дене шынықтыру бөлімінің басшысы Думан Таттікенов жарысқа қатысушыларға спорттық ойындардың ережесін таныстырды. Мансап орталығының мамандары мен кәсіпкерлік бөлімнің мамандары да бұл жарыста бой көрсетіп, жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар өздерінің шеберліктері мен мықтылықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болу үшін бар күштерін салды. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар арнайы мадақтау қааздары, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға қолдау көрсеткен демеушілер мен ұйымдастырушыларға ерекше алғыс айтылды. Мұндай іс-шаралар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеуге және салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *