Улы газды анықтайтын құрылғылар орнатылды

Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, аудан прокуратурасы, полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және волонтерлық топ мүшелері бірлесіп ауданымыздың әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарға жылыту маусымы кезеңінде қатты отынмен жанатын пештерін қауіпсіз қолдану бойынша үгітнасихат жұмыстарын жүргізді.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында аудан тұрғындарына қысқы маусымда яғни отын жағу мәселесі бойынша қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда әрқашан көмек қолын созуға дайын екенін жергілікті орган өкілдері айта кетті. Қандай да бір оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған улы газ анықтайтын арнайы құрылғылар (датчиктер) орнатылды.
Тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, тиісті жадынамалар таратылды.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *