Қоғамның дамуын тежейтін індет
Сыбайлас жемқорлық — ешбір ел сақтана алмайтын нағыз жаһандық проблемаға айналды. Сыбайлас жемқорлық мәселесі адамдарға, қоғамдастықтарға және бүкіл елдерге жағымсыз әсер етеді: демократиялық процестерге нұқсан келтіреді, әділетсіздікті күшейтеді және кедейлікті арттырады, негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін төмендетеді, бизнес жүргізу құнын арттырады және дамуға бағытталған инвестицияларды азайтады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тұрақты дамудың барлық үш өлшеміне экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыда теріс әсерін тигізуде.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – бұл біз күнделікті өмірде үнемі кездестіретін жемқорлықтың бір түрі. Қолданыстағы заңдар, ережелерді айналма жолдар түрінде қолдану арқылы бәрі заңды болып көрінеді. Осылайша, аз мөлшердегі ақша қарапайым мәселелерді шешуге әсер етеді. Оларға ауруханаларда, мектептерде, жергілікті лицензиялау, полиция және салық органдарындағы парақорлық жатады. Сыйлық немесе конверттегі ақшамен көрсетілген алғысты біздің көпшілігімізге пара емес, оған қарағанда міндетті салт және қарым-қатынас төлсипаты ретінде қабылданады. Бізде не үшін алғыс білдіру қалыптасқан? Бір қызығы, барлығы үшін. Онымен қоса, қабылдаушы алғыстың жоқтығынан ренжіп қана қоймайды, сонымен қатар «өтініш беруші» алдын-ала дайындалмаса өзін ыңғайсыз сезінеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дәлелдеу өте қиын, себебі басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы, қылмыстың құпиясын жазасыз ашатын нақты жәбірленуші жоқ. Осылайша, сыбайлас жемқорлық бүкіл қоғамға зиян тигізеді. Ең алдымен, бұл экономикалық залал, өйткені үлкен сомалар мемлекеттік бюджеттен тыс өтеді және оны қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланыла алмайды. Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықты күнделікті өмір құбылысына айналдырып, қоғамның моральдық қағидаларын бұзады. Ұзақ мерзімді жоспарда сыбайлас жемқорлық қоғамның одан әрі дамуын тежейді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын құруда.Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Осылайша, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою біздің елімізге дамыған елдер арасында лайықты ұстанымға ие болуға мүмкіндік береді.
Алмас Әбдіғожин,
Аудан әкімінің орынбасары