Заң мен тәртіп адам құқығын қорғаудың басты кепілі
Басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш буынның бірінші буыны – тергеу органдары, екіншісі – прокуратура, ал үшіншісі – сот. Сондай-ақ, тергеу органы қылмысты ашады, дәлелдемелер жинайды. Прокуратура атқарылған жұмысқа баға береді. Сот дәлелдемелерге баға беріп, үкім шығарады. Бұған тиімдірек және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету үшін процестің барлық деңгейлеріндегі тәжірибені талдау және жетілдіру кіреді. Үш буынды модель құқық қорғау органдарына сенімділікті арттырады. Мемлекет адам құқықтарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Және әділдік орнатуда тиімді жұмыстар атқарылуы маңызды.
Дәурен Ізтілеуов, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты