ЕЛЖАНДЫ

Қасенов Бейбіт Байбосынұлы 1948 жылы ақпан айының 22 күні Жаңаарқа ауданы Атасу стансасында туған.
Атасу стансасындағы жеті кластық мектепте оқыды. 11 жылдықты Жаңаарқадағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепті 1965 жылы бітіріп, сол жылы Целиноград қаласындағы ауыл шарушылығы институтының зоотехникалық факультетіне оқуға түсті. Қасенов Бейбіт Жаңаарқада мектеп қабырғасында және Целиноград қаласында жоғарғы оқу орнында жұргенде де спортқа белсене қатынасты, өнер жолында болды. Еркін күрестен аудандық жарыстардың жеңімпазы, 1964 жылы Қаражал қаласында өткен облыстық жарыста бірінші орын алды.
Бейбіт Целиноград облысы бойынша өткен жарыстардың жүлдегері. Ресейдің Рязань қаласында, Қазақстанның Лениногорск, Шымкент, Қарағанды, Балқаш қалаларында өткен жарыстарда алғашқы үштікте болды. Целиноград қаласының еркін күрестен құрама команданың мүшесі. Спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады. ҚР «Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» Есенов Қорабай мен «Мәлениет саласының үздігі» Бейбіт Қасенов елімізде алғашқылардың бірі болып, қолына гитара аспабын ұстаған азаматтар.
Зоотехникалық факультеттің ансамбль құрамында болып, гитарамен ән салды.
Жоғарғы оку орнын бітіргеннен кейін, шаруашылықтарда қызмет жасап жүргендеде спорттың, мәдени шаралардың маңында болды.
Бейбіт 1970 жылы ғалым Целиноград қаласындағы ауылшаруашылығы институтын бітіріп, ғалым зоотехник мамандығын алды. Сол жылы Атасу совхозының Байғұл бөлімшесіне жұмысқа тұрып, зоотехник болып жұмыс істеді.
1971 жылдың күз айында оны халық депутаттары аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөліміне жұмысқа тұрды.
1974 жылы Ақтау кой өсірумен айналысатын совхозға бас зоотехнигі қызметіне жіберді.
Совхоз директоры Ахметов Көшен сабырлы, ренішке бара бермейтін, әр саланың мамандарына сенім артып, жұмыс істеулеріне толықтай мүмкіндік берді.
2
Бейбітті жастығына қарамастан совхоз директорың шаруашылық жөніндегі орынбасары етіп тағайындады, сенім артты.
1980 жылы Жаңаарқа ауданына аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шакенов Мұхамедқасым Қойшыбайұлы Бейбіт Байбосынұлын аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас зоотехнигі, 1982 жылы аудандық партия комитетінің ауылшарушылығы бөлімінің меңгеруші қыметіне тағайындады.
1983 жылы ауданның партия комитетінің бірінші хатшысы болып Мусин Марат Мақышұлы келді. Бірінші хатшының ұсынысымен 1984 жылы ақпан айының 6 күні аудандық партия комитеті Қасенов Бейбітті аудан бойынша үлкен шаруашылыққа қой өсірумен айналысатын Карл-Маркс совхозына директорлық қызметке жіберді.
Ақтау совхозында, аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бас зоотехник қызметінде алған тәжірибесі, Карл-Маркс совхозында іске асты.
Совхоз орталығынан 3000 қой, 50 ірі қара малы, 50 бас жылқы бордақылайтын алаң салынды.
Шаруашылықты дамытумен қоса ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, спорт, мәдениет саласының дамуына ерекше көңіл бөлінді. 20 орындық, бір жағы әйелдерге, бір жағы ер адамдарға арңалған ішінде саунасы, бассейіні, адам шомылатын бөлмелері, дем алатын жері бар монша құрылысы салынды. Ауылға кіре берістегі 11 шақырымдық автокөлік жолына асфальт төселінді.
Росейдің сібір жағынан ағаш дайындайтын бір орман шаруашылығымен келісім жасап 35 вагон кругляк, 2 вагон есік, терезе блоктарын алдыртты. Құрылыс материалдарын жем-азық дайындайтын кормоцехке, ауыл тұрғындарына, шопандарға жаңадан үйлер, мал қоралары салынды.
Ауыл жастары, мектеп оқушылары жазғы практикалық оқу мерізімінде лай, сабан, шлак материалдарынан кірпіш дайындады. Арзан шығынмен жастардың үйлену тойын, мәдени шаралар өткізетін 500 орындық тойхана салынды.
Елдің бірлігін сақтаудың арқасында қысқа түсетін қойдың саны 51 мыңға, жылқы саны 2400 басқа дейін өсті. 1986 жылы жыл қорытындысымен Карл-Маркс атындағы совхоз республикадағы қой шаруашылығын дамытумен айналысатын совхоздардың ішінде жеңімпаз атанды. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді және сатып алуды арттыру жолында атқарған еңбектері бағаланып, Карл-Маркс атындағы сохоз коллективі Бүкілодақтық Социалистік жарыстың қорытындылары бойынша КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасымен және Қызыл Тумен марапатталды. Ел бірлігі мен шаруашылықтың жұмыс бағытын дұрыс жолға қоюдын арқасында сол жылы

3
бірінші рет Карл-Маркс совхозы 1 миллион 300 мың рубль таза табыспен қорытындылады. Миллионер совхоз атанды.
Совхоз директорына қызмет жұмысына пайдалануға жаңа УАЗ автөкөлігін, совхоз еңбеккерлеріне алғыс ретінде 3000 рубль, шаруашылыққа бір автобус сыйға тартты. Совхоз директоры және бірнеше малшы, шопандар, механизаторлар Совет заманының марапатына ие болды.
Совхоз тұрғындары өнер, спорт саласында да айтарлықтай табыстарға жетіп жұрді.
1989 жылы Карл-Маркс совхозы өзінің 25 жылдығын атап өтті.
Мерей тойдың көрінісі бейне таспаға жазылды.
2015 жылы кеншардың құрылғанына 50 жыл толды.
Бейбіт сол тойды өткізу үшін құрылған комиссияның құрамында болды.
1991 жылы Бейбіт Байбосынұлы аудандық ауылшарушылығы басқармасының орынбасары қызметіне ауысты. Кейін сол мекеменің басшысы болды. Ақтасты өндірістік кооперативінің конкустық негіздегі меңгерушісі қызметі абыроймен атқарды.
Карл-Маркс совхозынан кейін сол кездегі ағымға сай ауданда жаңадан құрылған шаруа қожалықтарының одағының басшысы болды. 1993 жылы ауданда аудандық ауылшаруашылығы басқармасының орнына құрылған маркетингілік қызмет басқармасын басқарды. Ақтасты өндірістік кооперативінің конкурстық меңгерушісі болды, елімізде қаражат тапшылығы орын алған, қиын 2000-2004 жылдары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік сала бөлімін басқарды, аудан басшыларының сенімін абыроймен атқарды. Тәуелсіздік жылдары, яғни, 2004 жылдан бастап, зейнеткерлік жасқа дейін аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Аудан әкімдігі Қасенов Бейбіт Байбосынұлының көп жылғы ауыл шаруашылығында, басқада жауапты салалардағы атқарған көп жылғы
тәжірибесін ескеріп, зейнеткерлік жасқа келгеннен кейін аудан әкімі аппаратының кеңесшісі қызметін атқаруды жүктелді.
Ұлттық ат спортының жоғарғы санаттағы төреші. Бірнеше жылдан бері аудандық ұлттық ат спорты қауымдастығының төрағасы.
Бекең 1994 жылы Жаңаарқа ауданында өткен С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойында ат жарысының бас төрешісі, 1995 жылы Семей облысының Абай ауданында өткен Абай Құнанбаевтың 150 жылдығында төрешілер құрамында, болды. Сондай-ақ Жезқазған қаласында өткен Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойында ат спорты түрлерінің бас төрешісі болды. Сенім жоғары бағада атқарылды.
Бейбіт Байбосынұлының басшылығымен дайындалған ұлттық ат спортының командасы облыстық спартакиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Бір спортшы спорт шебері, 9 палуан ұлттық ат спорты түрлерінен спорт шеберлігіне үміткер номативін орындады.
4
Қасенов Бейбіттің еңбегі бағаланып, 2014 жылы ҚР ұлттық спорт қауымдастығының алғыс хатымен марапатталды, ал 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қызметкері» медалі табыс етілді.
Жаңаарқа ауданындағы мәдениет үйінде құрылған ардагерлер ансамблінің мүшесі.
Қарттар күніне арнап әжелер мен ардагер қариялардан құралған өнерпаздар концерт қояды.
Бейбіт Байбосынұлы карантин кезінде онлайн режимінде бірнеше рет әр тақырыпқа арналған концерт берді.
Жаңаарқа кентінде қарттар, зейнеркерлер бас қосатын арнайы ардагерлер үйі бар.
Ардагерлер бір мезгіл шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ ойнайды, жарыс ұйымдастырылады. Телевизор көреді, газет оқиды, 3 жылдан бері «Ардагерлер айнасы» газетін оқып, еліміміздегі ардагерлердің тыныс-тіршілігімен хабардар болып, өз орталарында ой бөліседі.
Ардагерлер кеңесінің отырысында аудан бойынша шешілмей тұрған проблемалық мәселеледі көтеріп, оны құзырлы орындарға жеткізіп, шешу жағын қарастыруға сұраныс жасайды.
Өткен жылы аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлының қолдауымен ауданның бір топ ақсақалдары Ұлытау өңіріндегі хан ордаларына барды, рухтарына тағзым етті. Аудан прокуроры Қанат Тәттікенов қарттардың алаңсыз жүріп –тұруына, демалу жағдайларына қамқорлық жасады.
Сол жылы ардагерлер қасиетті Түркістанға барып тарихи жерлермен танысып қайтты.
Аудан әкімшілігі демеушілік жасады.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Ұлытау облысының құрылуына
байланысты өңірдің ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау жиналысына қатынасты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып бір ауыздан Қожамсейтов Сағындық сайланды. Бақтықожа Салахатдинұлы шараның бас аяғына дейін қатынасып, Ұлытау облысының ардагерлік ұйымына сәттілік тіледі. Өзінің жан-жақты екенін танытты. Ән жазатын қабылеті бар екенін білдірді. Гитарамен бірнеше өлең орындады.
2019 жылы ақын, қоғам қайраткері, жерлесіміз С.Сейфулиннің 125 жылдығы, Жаңаарқа ауданына 90 жыл мерекесін атап өту үшін ауданда «Атасу» қоғамды
қайырымдылық қоры құрылды. Аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлының ұсынысымен Қасенов Бейбіт Байбосынұлын сол қордың Президенті және ұлттық спорт жарыстарыңың бас төрешісі болды.
Мереке жоғарғы деңгейде өтті. Бейбіт Байбосынұлына жүктелген міндет абыроймен орындалды.

5
Тойдағы ауқымды шаралардың бірі 10 000 литр Жаңаарқа қымызын 1000 қүбіге бір мезгілде құйып, пісуді ұйымдастыру шарасы болды. Бастаманы іске асыру мақсатында оны ресми түрде рәсімдеу үшін ізденіс жасалды. Қазақ халқының ұлттық тағамының ішіндегі ең құрметтісі қазақ қымызы әлемдік рекордтар кітабына енуі-ерекше мақтаныш, биік мәртебе, үлкен қуаныш болды. Куба елінен арнайы ұшып келген, Гиннестің әлемдік рекордтар кітабінің өкілі Юделькис Диас Жаңаарқа ауданына әлемдік дәрежеде рекорд орнатуды қамтамасыз еткендері үшін, Гиннестің рекордтар кітабына кіргендіктері жөнінде арнайы Күәлік табыстады.
Рекорд ресми тіркелген сертификат идея авторларының және жобаны жүзеге іске асырушылардың бірі ретінде «1000 литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1000 күбіге құйып, пісу» шарасын ұйымдастыруына қатысып, оның Қазақстан рекордтар кітабына тіркелуіне үлес қосқан «Атасу» қоғамдық қайырымдылық қорының Президенті Қасенов Бейбіт Байбосынұлына Қазақстан Рекордтар Кітабы редакторы қол қойған арнайы Сертификат табыс етілді.
2021 жылы КинЭС 2019-2021 Қазақстан рекордтар кітабы басылып шықты.
Әр кезеңде ауданды басқарған басшылар Бейбіт Байбосынұлының іскерлігін, тапсырған жұмыстарға жауапкершірілікпен, тыңғылықты қарайтынын ескеріп, 1992 жылы аудан әкімі Әбдіханов Аманбек Қасенов Бейбітті Монголия мемлекетінің Баян Өлгей аймығынан қоныс аударуға квота алып отырған ағайындарымызды көшіріп әкелуге сенім артты. Баян Өлгейге Ресей жерінен, Алтай өлкесінен, тау шатқалдарының іргесінен, ортасынан салынған жолдардан, күрделі асулардан аман-есен өтіп, 26 КАМАЗ авткөлікке, тіркемелеріне 46 отбасының (151 жан) жүктерін артып, 20 күнде Жаңаарқа ауданына дін аман жетіп, отандастар совхоздарға орналастырылды, жұмыс берілді. Ағайындар аудан өмірінің тіршілігіне қалыптасып, қыз беріп, балаларын үйлендіріп құдандал болды.
Бейбіт аға саналы ғұмырын халыққа, қоғамға қызмет етуге арнаған жан. Жылдар бойғы үздіксіз қызметі талай мәрте жоғары тұрған басшылық тарапынан лайықты түрде еленді. Зейнет демалысына шығаннан кейін де ардагерлер қозғалысына
белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне бір кісідей үлес қосып жүрген тұлға, марапатқа лайықты азамат.
2021 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай Қазақстандағы 6000 астам елді мекенінің ішінде Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылы үлгілі 30 ауыл тізіміне енді. Бейбіт Байбосынұлы бірнеше жыл өзі басқарған ауылды Астанадан келген жазушыларға, ғалымдарға таныстырды. Жауапты адамдар елді мекендегі тұрғындардың тыныс-тіршілігін көрді, құптады. Ризашылықтарын білдірді.
Қазақстандағы «Үздік 30 ауыл» атты арнайы кітап басылып шықты. Ералиев ауылың тірлігін жарыққа шығарды.
6
Қасенов Бейбіт Байбосынұлы қабылетті жан, жауапкершілік иесі, ортаның көңілінен шыға біледі, сауатты, тәжірибесі мол, ұқыпты, ұжым ішінде сыйлы, жастарға ақыл-кеңесін бар ықыласымен беруге дайын, еңбекқор азамат, шебер, абзал тұлға.
Жаңаарқа ауданы жаңадан құрылған Ұлытау облысына кіруіне байланысты халқымыздың ұлттық құндылықтарын, ұлттық спортын, атбегілік өнері, саятшылықты, құсбегілікті, сал-серілікті насихаттап, оны дамытуға үлес қосып жүрген Қайсар Сейпішев азаматымыз 1 мамыр күні халқымыздың жеті қазынасын дәріптеп Жаңаарқа мен Ұлытау арасын жалғайтын 550 шақырым жолға «Көш керуен-бабалар ізімен» деп аталатын керуенді аудан орталығынан бастап шықты.
Жаңаарқа кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қасенов Бейбіт керуеншілерге ақ тілек арнады, бата берді, сәт сапар тіледі.
ҚР еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері Қорабай Есенов және Қасенов Бейбіт керуеншілердің бағдарламасына сәйкес Жезқазған қаласына арнайы барып «Дидар» телестудиясынан Ұлытау облысының жұршылығын, өңір тұрғындарын Жаңаарқа ауданының атынан құттықтап, ән шашу жолдады.
2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауында Қасенов Бейбіт Байбосынұлы ҚР Президенттігіне кандидат Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сенім білдірген адамы болды.
2022 жылы Бейбіт Байбосынұлы Ұлытау облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттық сайлауында Парламент Сенатының депутаттығына кандидат Серік Жаманқұлұлы Шайдаровтың сенім білдірген адамы болды.
Сенім ақталды.
Қасенов Бейбіттің есепсіз еңбегі ауданның ауылшаруашылығы саласының дамуына, өркендеуіне қосқан айтарлықтай үлесімен қоса, спорт, өнер саласындағы еңбегі жұртшылыққа жақсы таныс, етене жақын.
Бейбіт Байбосынұлы сегіз қырлы бір сырлы жігіт, әнші, сазгер.
С.Сейфуллин мектебінде домбыра тарту үйірмесіне қатанасты. Целиноградта гитара аспабын ұстады. Шымкент қаласында өткен Шәмші Қалдаяковтың
әндерін орындаушыларының республикалық байқауына қатысып, Шәмшіге арналған «Жан аға» әнін гитарамен алғаш рет орындаған әншінің бірі.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Асан Жұмадильдин «Инемен қазған құдық» атты кітабында Бейбіт Байбосынұлы бұрыңғы Семей облысы Абай ауданы Қарауыл аулында Абай Құнанбаевтың 150 жылдық тойында Жезқазған облысы құрған эстрадалық сахнасына шығып облыс әкімі Қажымұрат Нағмановтың «Балалық, балалық, балалық әнім, әрі анық» әнін гитара аспабымен нақышына, халықтық бояуы құлаққа жағымды лирикалық үнімен келтіре орындады деп жазды.
7
Қасенов Б. қазақ халқының меймандастық дәстүрін дәріптеуге арналған «Қазақтың дастарханы» өлеңін шығарды, әнін жазды. Төлеубай Ермекбаевтың «Атасуым-Ауылым» сөзіне ән шығарды, бүгінде осы өңірдің сүйікті әндерінің біріне айналды. Толағайлық ақын Қожамұратов Бергеннің «Туған жерім Толағайым» атты өленіне ән арналды. Бейбіттің өзінің әнімен, өлеңі жазылған, гитара аспабымен өзі орындап жұрген бірнеше әндері бейне таспаға түсірілді. Жезқазған облысы кезінде Дидар телеқойылымының одан кейін Қазақстан Қарағанды теледидарында «Шамшырақ», «Арнадым саған», «Руханият», атты бағдарламаларына, әскери әндер байқауына қатынасып, тақырыпқа сай ән орындап жүрген әнші.
Бейбіт Қасеновтың шынайы ықыласпен жасаған еңбегі жайлы ҚР Жазушылар одағының мүшелері Асан Жумадильдин «Инемен қазған құдық», Төлеубай Ермекбаев «Жас жұректер жалауы», ҚР Президенті сыйдығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының, Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі Айтбай Саулебектегі
«Тәуелсіздік нұры», «Жаңаарқаның жарық жұлдызы», ҚР Мәдениет қайраткері Жақсылық Мағзумовтың «Жаңаарқа әншілері» атты көлемді мақала- өчерктер кітаптарының кейіпкері ретінде енді.
Қасенов Бейбіт өзінің іскерлік қабылетімен, адамгершілік ұстанымымен ортада, ел- қоғам, қызметтес азаматтардың арасында үлкен беделге ие. Жақсы басшы, қамқоршы, үлгілі отбасы бола білді. Ортаның тілін тауып, прблемалық мәселені шиеленістірмей, ақылға салып шешу жолдарын қарастырып, пікірін аудан, мекемеме, шаруашылық басшыларға жеткізіп отырды. Осындай қабылетін байқаған, ескерген аудан басшылары аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары Мұқан Медеубаев, Мұхамедқасым Қойшыбайұлы Шакенов, Марат Мусин, Әбішев Секен, аудан әкімдері Әбдіханов Аманбек,
Шайдаров Серік Жаманқұлұлы, Омаров Хамит Нұрланұлы, Оспанов Сәкен Жайлаубайұлы, Омаров Ғабдрахман Игілікұлы, Бекқожин Юржан Асанұлы Бейбіт Байбосынұлымен санасты, сенім артты, жауапты қызметтерге тағайындады. Осы азаматтармен, мекеме, ауыл басшыларымен тіл табысып, жұмыс істеді. Әліде болса Бейбіт ауданның саяси-экономикалық даму тынысына, мәдениет-спорт саласының дамуына белсене араласып, ат салысып жүрген азамат,
Бейбіт Байбосынұлы ҚР ауылшарушылығы Министрлігінің саланы дамытуға қосқан үлесі үшін омырауға тағатын төс белгісімен, ҚР Президентінің жарлығымен 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен, ҚР ауылшаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкері кәсіподақтар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің Орталық Комитетінің салалық наградасы 1 дәрежелі «Еңбек Даңқы» медалімен, 2016 жылы ҚР ауыл шаруашылығы саласының «Құрметті ардагері», 2017 жылы ҚР «Құрметті спорт қызметкері», 2018 жылы «Астанаға 20 жыл», 2019 жылы
8
С.Сейфуллин қоғамдық қор ұйымының медалімен, 2020 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл, сол жылы өнер, мәдениет саласындағы атқарған еңбектері оң бағаланып, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» атағы берілді, Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газетіне 90 жыл, «Ұлттық спорт жанашыры» медалдарымен наградталды.
Бейбіт Байбосынұлы көп жылғы еңбегі, оның ауданның қоғамдық-саяси өміріне, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, ауданның ұлттық ат спортын, өнер-мәдени саласын дамытудағы елеулі ісі бағаланып, 2022 жылы Республика күніне орай ҚР Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Әртүрлі деңгейдегі органдар мен ұйымдадың, облыс әкімінің Алғыс хат, дипломдар мен Құрмет Грамоталарымен марапатталды.
2022 жылы Республикалық «Ұлы Дала Жорығы» ат бәйгесі 17 қыркүйекте Ел астанасы Астана қаласынан старт алды.
Конкурс-марафонға Қазақстан бойынша 20 команда қатынасты.
18 мен 29 қыркүйек аралығында атшылар Астанадан Түркістан қаласына дейін 12 күнде 1200 шақырым жер шауып өтті. Марафоншылар алты аймақтың: Астана, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және 28 елді мекенінің үстінен өтті.
Жарыс жолына шыққан 100 аттан мәреден өткені 9 ғана. Осы «Ұлы Дала Жорығы» ат марафонында Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Арқа көк» аты мәреден 8 болып өтті.
Аттың иесі Жаңаарқа аудандық спорт мектебінің ұлттық спорт түрінен жаттықтырушыс ы, аудандық «Жекебатыр» көкпар командасының капитаны,
спорттың осы түрінен қауымдастықтың төрағасы Бейбіттің баласы Хасенов Ғазиздың тұлпары. Бәйге, көкпар аттарын ұстайтын арнайы ат қорасы бар.
Бейбіттің жолдасы Күліш жоғары білімді мұғалім. Екеуі өнегелі от басын құрап, ұрпақ өсірді. Төрт баладан 9 немере, үш шөбере көріп отыр. Балалары жоғарғы білімді мамандар.

Қорабай ЕСЕНОВ,

ҚР Еңбек сіңген мәдениет Қайраткері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *