Қазақстан – заң мен тәртіп үстемдік құратын ел

Азаматтар заңдарды біледі, зерделейді және қатаң сақтайды, сот және құқық қорғау органдарымен сындарлы диалог жүргізе алады. Қоғамда заң бұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптасуда. Қазіргі таңда барлық өңірлерде әкімдердің өкімдерімен ішкі істер, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, жастар ісі және жергілікті қоғамдастық өкілдерінен тұратын ведомствоаралық топтар құрылды. Қоғамның қауіпсіздігін сақтау біздер үшін аса маңызды болмақ. Адам құқықтары мен бостандықтары абсолютті деп танылады. Және әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар. Сондықтан, заңды білу өзіміз үшін жеке тұлға ретінде өз құқықтарымызды білу міндет.
Қуаныш Төлеутай, тілші

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *