«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ»
Бәріміз де – қоғамның мүшесіміз. Таңғы сағат 9-да жұмысқа барамыз. Әрбіріміздің отбасымыз және балаларымыз бар. Олар мектепке барады. Балалар мен жасөспірімдердің ұйқысы қанбаса, олардың сабақ оқуға қабілеті қайдан болады? Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу осы жағынан тиімді. Өзгерістің басқа да оң әсері мол. Мысалы, адамның денсаулығы жақсарса, бұл экономикаға да оң септігін тигізеді. Өңірлер арасында өзара байланыс артады. Еліміздің батысы басқа сағат белдеуінде, Астанамен салыстырғанда бір сағат айырмашылық болды. Қазір көліктер де бір уақытпен барып, бір уақытпен келеді.
Айгуль Дюсембекова, ата-ана