Жолдау 2024

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялған өз Жолдауында өзекті мәселелер қозғалды. Және мәселелерді шешу жолында тың идеялар айтып, тапсырма берді. Қазіргі таңда елімізде нашақорлыққа, есірткі деген сияқты заңсыз істерге апаратын амалдар көбейіп кетті. Соның кесірінен денсаулыққа, тіпті қоршаған ортамызға зиянды әсерін тигізіп жатыр. Осындай заңсыз істердің алдын алу үшін, Мемлекет басшысы заң мен тәртіпті күшейтуді қолға алды. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Бұл еліміздің қауіпсізідігі үшін аса маңызды болмақ. Жолдау біздің жарқын болашағымызға зор үмітпен қарайтынымыздың айқын дәлелі.

Махамбетова Айна Бидайық ауылының белсенді тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *