Заң мен тәртіп үстемдігі — қауіпсіздік кепілі

  Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты ішкі істер министрлігі. ІІМ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде. Мысал келтірер болсақ, өткен жылы ведомствоның қызметін 11,5 миллионнан астам азамат пайдаланған. Олардың ішінде ең танымалы: көлік құралдарын рәсімдеу (3,8 млн астам азамат), төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру (2,9 млн азамат), азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару (2,4 млн); жүргізуші куәлігін беру (900 мың азамат). Елімізде қоғамдық тәртіптердің орнықтыруы маңызды болып табылады. Көптеген қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жойылуы қажет деп есептейміз. Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты.

Лаула Матай,

волонтер, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *