Жолдау — болашаққа бастар жол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдаудың басты мақсаты – табыс деңгейін арттырып, Қазақстанды қауіпсіз, әрі жайлы елге айналдыру. Мемлекет басшысы бұл мақсатқа айқын көңіл бөлді. Ең алдымен, Жолдауда еліміздегі өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Мысалы, ақша-несие саясаты қазіргі уақытта әр азаматтың мойынындағы шешілмей жатқан мәселелердің бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Банк туралы жаңа заң қабылдау жөнінде мәлімдеген болатын. Заң жобасы шамамен 2025 жылдың орта шенінде дайын болмақ. Және Кадрлық әлеуетті арттыру маңызды екені айтылды. Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі өзгерді, жаңа әдеттер мен дағдылар қалыптасып келеді. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту маңызды. Өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шараларды қолға алуда. Аталған шаралар болашақа өз нәтижесін беретініне сенімдіміз.

Арыстан Ақниет,

белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *