Жолдау — 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялаған болатын. Бұл Жолдау елді өркендетіп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында аса маңызды болмақ. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы денсаулық саласына және елдегі экологиялық ахуалды жақсартуда айрықша көңіл бөлді. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, бірінші кезекте су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда байқалған кадр тапшылығын жою, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандарды дайындау қажеттігін атап өтті. Заң шығарушылар жасөспірімдердің құмар ойындарға құмарлығы, әйелдер мен балалардың құқықтарының бұзылуы, азаматтардың қарыз ауыртпалығына қатысты мәселелерді қозғады. Осы жағдайлар жұртшылықты тарта отырып, жан-жақты зерттеліп, заңды шешімін тапты. Бұл шешімдердің әрбір саналы қазақстандықтың жүрегінен үн табатыны сөзсіз.
Бексұлтан Мағрұпжан, белсенді жас