Интернет алаяқтары: қауіп-қатер және оны болдырмау жолдары
Интернет алаяқтары – заманауи қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Интернеттің қарқынды дамуы мен қолжетімділігінің арқасында әртүрлі алаяқтық түрлері пайда болып, олардың саны күннен-күнге артып келеді. Киберқылмыскерлер жеке деректерді, ақша қаражатын ұрлап, көптеген адамдарға материалдық және моральдық зиян келтіруде. Интернет алаяқтарының негізгі түрлері:
1.Фишинг (Phishing)Фишинг – бұл пайдаланушыларды алдап, олардың құпия ақпаратын (логин, пароль, банк картасының деректері) алу мақсатында жасалатын алаяқтық түрі. Қылмыскерлер жалған сайттар немесе хаттар арқылы пайдаланушыларды алдайды.
2.Қаржылық алаяқтық; алаяқтар түрлі жалған инвестициялық жобалар, онлайн несие немесе сыйақы ұтыстарын ұсыну арқылы адамдардың ақшасын тартып алады.
3.Әлеуметтік желі алаяқтары. Қазіргі кезде алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, таныстық немесе жалған тауарлар ұсыну арқылы ақша талап етеді.
4.Онлайн дүкендердегі алаяқтық. Жалған интернет-дүкендер арқылы тауарларды сатқан болып, төлем жасалғаннан кейін ешқандай тауар жібермейді.
5.Зиянды бағдарламалар. Қылмыскерлер компьютерге немесе телефонға вирус жіберіп, құрылғыдағы деректерге қол жеткізеді немесе оны бұғаттап, ашу үшін төлем талап етеді.
Аяулым ЖАППАСҚЫЗЫ,
Қарағанды университетінің 3-курс студенті