Ақыл – қойшы, нәпсі — бөрі

Жезөкшеліктің жайылуы халықтың өсіміне зиянын тигізуде. Өйткені, жезөкшелікті кәсіп ететін қыз-келіншектеріміз тұрмысқа шықпайды және өмірге бала әкелмейді. Оның үстіне олар түрлі ауруларды тасымалдаушылар болып табылады. «Жезөкшелік пен сыбайлас жемқорлық бір анадан туғандай егіз», «Ең ежелгі кәсіпті ешкім жеңбеген және жеңе алмайды» деген сияқты алыпқашпа сөздер де ел арасында қазір бедел алып барады. Жезөкшелік Батыс елдерін XX-ғасырда әбден мезі еткен соң, заңды түрде легализация жасалып, мысалы, Францияның астанасы Парижде «публичный дом» «секс-шоп» деген жаңа атпен жұмыс жасауға кірісті. Тіпті, Голландия мен Амстердамда 2000 жылдан бастап, көпшілік жиналған жерлерде, аз мөлшерде алкоголь мен наркотикті тұтынуға рұқсат етілді. Жынысын өзгертіп отау құрып жатқан жандар қаншама. Бірақ, оларға бала асырап алуға рұқсат жоқ. Кейбір еуропалықтардың бала туып, оны асырау — ойына да кіріп шықпайды.
Ал, жезөкшелікке қарсы күрес біздің елде жалғасын тауып жатыр. Бірақ, заң қызметкерлері қанша жерден жол жиегіндегі түнгі көбелектерді ұстап, жеңгетайлардың қолын қайырып түрмеге жапса да «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалуда. Бүгін бір притон жабылса, ертесінде екі-үш жерде ашылады. Осыдан кейін күресіп көріңіз.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір Алматы қаласында 10 мыңға жуық жезөкше тіркелген. Алайда бұл нақты цифр емес. Әр күн сайын Алматыда 2000-ға жуық жезөкше көшеге шығады екен.
Ол аз десеңіз, 200-ге жуық притон мен 150-ге тарта (сауна) хауызда қыздар ақшаға сатылады. 18 ақпан күні полиция қызметкерлері рейд ұйымдастырды, соның нәтижесінде қаладағы барлық көңіл көтеру, демалыс орындары тексеріліп, қыздарды құлдықта ұстап, тәнін сататын сутенерлерді тұтқындап, астыртын жұмыс істеп жатқан притондарды ашты. «Stop трафик» барысында 150 қыз ұсталып, кәмелет жасқа толмаған қыздарды сату фактілері бойынша 10 қылмыстық іс, притон ұстау фактісі бойыша 5 қылмыстық іс қозғалды, ұсталған қыздардың 99%-ы жұқпалы ауру тарататындар екендігі анықталды.
Қысқасы бізде жеңіл жүрісті қыздардың саны азаяр емес. Олардың жасырын жолмен жұмыс істеуге көшкені құпияның бояуын қалыңдата түсуде. Көше торыған бикештер бір күнде қонақүйлер мен сауналарға қоныс аударды. Сонымен қатар «түнгі көбелектердің» көбірек шоғырланатын жері — түнгі клубтар және шетелдіктер, қалталы азаматтар бас сұғатын мейрамханалар. Сондай-ақ ірі ойын-сауық нысандарында (әсіресе, жұма-сенбі күндері) жүретін қыздарды бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың ең арзаны — көше жезөкшелері. Арзан жезөкшелердің бір сағаты 2-3 мың теңге, қонақүйлер мен түнгі клубтардарға баратындардың бағасы 4-6 мың теңге, газеттерге хабарландыру беріп «жұмыс істейтіндердің» «құны» 100-200 доллардан жоғары. «Қарап тұрған жігітке қыз асылар» деп осы заманды айтса керек бабаларымыз. Кімді кінәлаймыз? Күнәдан аяқ басып жүре алмайтын мына қоғамда қараусыз қалып бара жатқан қыз-келіншектерге егелік етуге еркі жетпейтін еркек кіндіктіні ме, әлде кімді?..
Иман қой, ақыл — қойшы , нәпсі — бөрі, бөріге қой алдырмас ердің ері. Мылтықты қатты ұстап қойшы тұрса, жоламас ешбір пәле шайтан — пері — деп жырлапты Шал ақын.«Ақыл — қойшы» айбарлы болса, оны «нәпсі — бөрі» оңай ала қоймасы анық қой. Сіз не дейсіз, замандас?

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *