Жолдау — 2024: еліміздің стратегиялық дамуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа кезекті жолдауын жасаған болатын. Мемлекет басшысы ел экономикасының құрылымына қатысты болашақ өзгерістерге көшті. Ол Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс екенін, ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға нақты мерзім бекітілетінін жеткізді. Сондай-ақ, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын қарастырды. Мысалы, су тапшылығына келетін болсақ. 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12–15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Суға қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін Президент Су ресурстары және ирригация министрлігін құруды тапсырды. Атап айтсақ, министрлік аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады. Нәтижесінде, бұл мәселелер шешіліп, дамудың жаңа бағдарына жетеміз деген үміттеміз.
Амина Алшыновна, волонтер