Заңдылық және құқықтық тәртіп
Қазіргі таңда қылмыстық істерге тергеудің заңсыз әдістері мен қатыгездік танытудың алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ал, азаптауларды тек прокурорлардың тергеп-тексеруі барынша қатаң қадағалауға және адам құқықтарын сақтауға кепілдік береді. Құқық қорғау және арнайы органдардың 38 қызметкері рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әр азаматтың өз құқықтары бар. Сол үшін де заң мен құқықты білу маңызды. Сондықтан, құқық қорғау органдары құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Және заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды.
Мердан Атамұрат, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты