Әділдік орнатудың басты кепілі – заң мен тәртіп
Судьялардың заңға және кәсіби сенімге негізделген шешім қабылдау құқығына қол сұғылмайды. Олардың қызметі құзыреттілікке, тәуелсіздікке, объективтілікке, ашықтыққа, адалдыққа негізделген. Нақты адамның тағдыры, халықтың мемлекетке деген сенімі осыған байланысты екенін судьялар түсінеді. Сот үкімін шығарған кезде ешкімнің – атқарушы органдардың да, жоғары басшылықтың да қысым көрсетуге құқығы жоқ. Жеке азаматтар, коммерциялық ұйымдар немесе мемлекеттік институттар арасындағы дауда тараптардың ешқайсысының артықшылығы болмайды. Барлық заңға қайшы қылмыстар, құқықбұзушылықтар барлығы әділетті жолмен шешілуі қажет. Әділдік адалдық пен тәртіптен басталады.
Дәурен Ізтілеуов, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты