Орталық мақсаты – жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты өңірлерде Еңбек мобильділігі орталықтарын ашып және оның аудандарда Мансаптық орталықтарының филиалдарын құру қарастырылған.
Ал, жұмыс істеп тұрған жұмыспен қамту орталығы Еңбек мобильділігі орталығының филиалы болып табылатын «Мансап» орталығы болып қайта құрылды. Осыған байланысты мемлекеттік еңбек нарығында пайда болған Мансап орталығын құру мақсатында жұмыспен қамту орталығын тарату рәсімі 1 шілдеге дейін аяқталды.
Жоғарыда аталған мәселеге сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, кәсіптік оқытуға әлеуметтік келісімшарттар, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттық келісім-шарттары бұзылды.
Сонымен қатар, бұзылған келісімшарттар құрылған Еңбек мобильділігі орталығымен қайта жандандырып, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша жұмыстар Мансаптық орталықта сол жүйеде жалғастырылды. Жаңа құрылған орталықтың негізгі мақсаты — өңірдегі жұмыспен қамту саясатын жүйелі дамыту.
Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда іске асырылуда. 
Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек нарығына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамытудың тағы бір маңызды тетігін-жұмыспен қамту саласындағы барлық қызмет пен қолдау іс-шараларын толық цифрландыру болып отыр.
Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары-жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарды және бизнес үрдісін түбегейлі өзгертіп, оларды онлайн режімге ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау мақсаты мен еңбек мобильділігі орталықтарын құру қажеттілігі маңыздылығына байланысты Үкімет тарапынан енгізілген жаңалық болып отыр.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *