Қазақстан халқына Жолдау — 2024
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны баршамызды назардан тыс қалдырмады.Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Осы жыл елімізде экономикамыз тұрақты дамып келе жатыр. Біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайту жолында жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Сонымен қатар, біз жастар ретінде, инновациялар мен заманауи технологияларды дамытуға белсенді түрде қатысуға дайынбыз. Бізге жастарға жұмыс орындары мен даму мүмкіндіктерін көбейту, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету маңызды. Көптеген жастар қазір Жолдауда еліміздің болашағын көре алады. Себебі, Мемлекет басшысы түрлі жаңа жобаларды іске асыруда, сол арқылы болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізбек. Жолдаудың басты мақсаты табыс деңгейін арттыру. Және де Қазақстанымызды қауіпсіз әрі, жайлы елге айналдыру. Сондықтан, бірлігіміздің арқасында экономикамыз қарқынды дамып, жетілуі біздің қолымызда!
Амина Алшыновна, белсенді жас