Әділетті қоғамның негізгі өлшемі — заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп – қоғамда маңызды рөл атқарады. Әр азамат заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Шын мәнінде заң алдында барлығы бірдей. Қазіргі таңда әлемде түрлі заң бұзатын қылмыстар жиілеп бара жатыр. Сонымен қатар, Прокурорлардың бастамасымен соңғы бір жылда 813 тұлғаға қатысты сот үкімдері мен шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, 190 сотталушының жазасы жеңілдетілді. Бұл сот жүйесінің әділетті, теңгерімді сот төрелігіне деген ұмтылыс. Мемлекет басшысы айтқандай: «Заң мен Тәртіп қағидаты қоғамның идеологиялық және саяси темірқазығына айналуы тиіс». Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Әр азамат жеке тұлға, сондықтан елімізде өзін қауіпсіз сезінуі тиіс.

Мердан Атамұрат, Жаңаарқа ауданының Мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *