ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!
Газды тұрмыста қолданатын халық:
•Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеруге. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыруға;
•Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуға;
•Газ жабдығы жарамсыз болғанда арнайы мамандарды шақыртуға;
•Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтатуға, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жайдан тыс). От жақпауға, темекі тартпауға, электр жарығы мен электр құралдарды қоспауға және қосулы болса, сөндірмеуге, электр қоңырауларды пайдаланбауға;
•Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткенде кіргізуге міндетті.
Халыққа тыйым салынады:
Үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге, кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс;
•Сәйкесінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға;
•Газ аспаптары орнатылған орынжайларды ұйықтау мен демалу үшін қолдануға;
•Газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі);
•Түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге;
•Екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады;
•Желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға, газды тұрмыста қолдану ережелерін бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
ГАЗ ИІСІ ШЫҒЫП ТҰРСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Пәтерде:
•Газ құбырындағы вентильді жабыңыз;
•Терезелерді дереу ашыңыз, өтпе жел жасаңыз;
•Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз, ұшқын жарылыс туғызуы мүмкін;
•104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырыңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Газ жабдығы жақсы желдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс!
Кіре берісте:
•тұрғындарды мүмкін қауіп жөнінде ескертіңіз;
•орынжайды босатыңыз және 104 телефоны бойынша газ қызметін шақырыңыз;
•кіре берісті ішіне тұтанған темекімен ешкім кірмейтіндей етіп, бақылауда ұстаңыз.
Газ иісін сезсеңіз қайда хабарласу керек? 104 — АПАТТЫҚ-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша