Ел игілігіне -«Хан» дәмханасы

Түгіскен ауылында тұрғындары мен қонақтарына жайлы отырыс жасап, дәмді тағам ұсынатын «Хан» дәмханасының ашылу салтанаты өтті. Ауыл азаматы Сайлау Қожамұратов пен жары Қымбат Бабашеваның көптен ойластырған ойлары жүзеге асыпты. 200 шаршы метрді құрайтын «Хан» дәмханасының ішкі дизайны қонақтардың көңілінен шығатыны анық. Мұнда көпшілік отыратын кең зал, жантайып жатып ас ішетін қазақы бөлме (тапчан), жеке бөлме, вибзал орналасқан. Көңілді отырып, ән салғыңыз келсе, караоке қосылған. 
Сонымен бірге аспазшылардың бөлмесі, аспазхана, жуынатын бөлме, әжетхана, кәуапхана, ет асатын, бауырсақ пісіретін қазандықтар, мұздатқыш, салқындатқыш орындар жасақталған.
Алпыс миллион теңге қаражат жұмсап, ел игілігіне ұсынған дәмхана ыңғайлы әрі әдемі. Ауыл ақсақалы Зейнулла Хасенов ағай мен аудан әкімі Қанат Шубайұлы лентасын кесіп, жақсы тілектерін білдіріп, игілігін көрулеріне тілек қосты.

Салтанат АМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *