«Қыс-2024» Республикалық оқу-жаттығуы өтті

21 қараша күні ауданымызда арнайы «Қыс-2024» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.Алдымен аудан әкімдігінің кіші залында «Қыс -2024» республикалық оқу-жаттығуының өту тәртібі туралы жиын өтті. Аталмыш шараның өту барысын қадағалау үшін ауданымызға арнайы келген Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров, Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Чингиз Шайдуллаұлы Самиев, Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқарма бастығының міндетін атқарушы, оқу жаттығу жетекшісі, азаматтық қорғау полковнигі Рахым Қазбекұлы Жамбеков, Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Серікхан Алияханұлы Жақсылықов, Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мадияр Оралұлы Ажаков, аудан әкімі Қанат Шубайұлы Қожықаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, бөлім басшылары қатысты. Жиынға қатысушыларға оқу-жаттығудың өту тәртібі жайлы айтып, қандай жағдай болмасын дайын тұруға, жүктелген міндетті кедергісіз, мінсіз орындауға шақырған Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Чингиз Шайдуллаұлы Самиев онлайын қатысқан өзге өңірдің төтенше жағдайларды жою басқармаларының қызметкерлерінің дайындығы жайлы ақпаратты алып, оқу-жаттығуға сәттілік тіледі.
Б.Амалбеков мектебінің алаңында өткен «Қыс-2024» республикалық оқу-жаттығуының талапқа сай өткенін қорытындылаған жиында Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Чингиз Шайдуллаұлы Самиев барша әріптестеріне алғысын білдіріп, табиғаттың тосын мінезіне әрқашанда дайын болуды тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Салтанат АМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *