Түгіскен ауылында қоныстой

Түгіскен ауылы тоқсан жылдық тарихы бар іргелі ел. Күре жол мен шойын жолдың қапталында орналасқан бұл ауылдың түтіні түзу шыққан іргелі ел. Соңғы жылдары кәсіпкерлері жаңа идеялар мен тың бастамаларды қолға алған ауылда халыққа қызмет көрсетуге арналған нысандар бой көтеруде.
Жастары ауылда тұрақтап, жаңа үйлер салынып, керегесін кеңге жайған ауылда биылғы жылы көпбалалы отбасыларға арнайы үй салынған болатын. Сол үйлердің кілті көпбалалы қос анаға табысталды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарыарнайы келіп, тұрғын үйдің кілтінің тұрғындарға берілу салтанатын думандата жүргізіп, аудан әкіміне сөз кезегін берді.
Ауыл тұрғындарын құттықтаған Қанат Шубайұлы көпбалалы аналар Бану Хабарова мен Айжан Омароваға үйдің кілтін табыстап, сыйлықтар ұсынды. Ауыл анасы Дүйсенай Әбішева ақ тілегін білдірсе, ауыл ақсақалы Халилолла Абенов ақ батасын арнады. Жаңа үйдің лентасын аудан әкімі Қанат Қожықаев пен ауыл ақсақалы Кашафиддин Шайкөзов қиып, шашулар шашылып, үйге беттеген көпшілік құтты болсын айтысып жатты. Талапқа сай салынып, талғамға қарай әрленген жаңа үйдің жайлы қоныс болатыны анық. Балалардың жуынатын бөлмесі, әжетханасы, балалар бөлмесі, қонақ бөлме мен жатын бөлме, асханасы мен пеш жағатын орталығы барлығы үйлестіріп салынған үйдің кілтін алған аналар да мәз болып, алғыстарын білдіруде. Аудан әкімі егер көпбалалы аналардан сұраныс түссе әлі де үй салынатынын жеткізді.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *