Ауданымызда “Билер кеңесі “ құрылды

“Қарты бар елдің қазынасы бар”,- демекші ауданымыздың абыз ақсақалдары қоғамдық өмірде де аудан аясындағы үлкен істердің басы қасында жүр. Тура бидей төрелігін айтып біршама істердің шешімін табуға ықпал етуші осы кісілер.
Мақтау мен мадақтауды керек етпейтін тұлғалық қасиеттері бойында сақталған ауданымыздың ар намысы үшін талай еңбек еткен, ақсалдарымыз аудан әкімдігінде марапатталды.
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданынның билер кеңесін сайлау үшін, арнайы іс сапармен Ұлытау облысы бойынша Билер кеңесінің төрағасы Нұрлан Мәлікұлы Табылғанов және Халықаралық медиация орталығының Ұлытау облысы бойынша директоры Жұлдыз Ахметжанқызы Есмурзина келіп, ауданымыздың ақсақалдарына куәлік пен мақтау қағазын табыстады.
Жиынға аудан әкімі Қанат Шубайұлы да қатысып жылы лебізін білдірді. Билер кеңесінің құрылуы ауданымызда талай істің шешімін тауып әділ бағасын береді. Қандай да бір мәселе болсын шешімін тауып, төрелігін көрсететін ұйым болмақ. Жаңаарқа аудандық билер кенесінің төрағасы болып Ш.Әбілдин сайланды.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *