Жобаның мүмкіндіктері түсіндірілді

Жақында ауданымызда «Арқа кеңесі» ауылдық форумы өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы Аманжолов, жоба жетекшісі, Қазақстан студенттер Альянсының төрағасы Ұлан Аманқазыұлы Наукен, ҮЕҰ бойынша эксперт, «Dauletten» қорының директоры Жасұлан Бостандықұлы Қуандық және белсенді тұрғындар қатысты. Күн тәртібінде «Арқа кеңесі» ауыл азаматтарына арналған жергілікті басқару мектебі жобасының таныстырылымы жасалып, ҮЕҰ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Форум барысында жергілікті басқаруға қатысу мәселелері талқыланды. Жергілікті басқару мектебінің жобасы ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыруға бағытталған. Аудан тұрғындарының жергілікті басқаруға қатысу деңгейінің төмендігі, ақпараттың жетіспеушілігі және қоғамдық белсенділіктің жоқтығы проблемаларды туындатады. Жергілікті басқаруға қатысу деңгейі мен тұрғындардың қоғамдық белсенділігі артты. Ақпараттық компаниялар мен тиімді іс-шаралар арқылы тұрғындарға үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар туралы ақпарат берілді, олардың қатысуына мүмкіндік туды. Қаржылық кедергілерді жою әлеуметтік жобаларға тартуды жеңілдетіп, тұрғындардың қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде, азаматтардың қоғамдық мәселелерге қатысуы мен белсенділігі артты, бұл ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына оң әсер етті. Жиын соңында қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Екі тараптан пікір алмасулар орын алып, жобаның мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Еркегүл Тәттімбетқызы

Жастар ресурстық орталығының директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *