Заң — тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамда заң мен тәртіпті терең орнықтыру қажет. Заңның сақталуы маңызды міндет болып табылады. Елімізде кең таралған тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты құқықбұзушылық әрекеттерге мүлде төзбейтін, әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Өйткені азаматтардың тәртіпке бағынуы олардың қауіпсіздігіне кепіл болмақ. Әр азамат өзіне жауапкершілік алып, ортада өзін әдепті ұстаса, қоғамда сыйлы болады. Жеке тұлға ретінде әр адам заңды білуі міндет. Мемлекет басшысы айтқандай: «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел». Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі маңызды. Біз еліміздің тыныштығын қалаймыз, барлық заңсыз әділетті жолмен шешілсе, еліміз татулықтың туын ұстатар еді.

Қуаныш Төлеутай  волонтер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *