Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы — 2024
Биыл 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Еліміз экономика жағынан тұрақты даму үстінде. Түрлі жаңа жобалардың арқасында болашағымызға сеніммен қарай аламыз. Жолдауда көптеген басты бағыттарға тоқталған болатын. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету. Аталған шаралар еліміздің бірқатар көркеюіне ықпалын тигізетініне сенімдіміз! Қазақстанымыз әлі талай биік шыңдарда көріне берсін!
Лаула Матай, волонтер