Президент жолдауы 2024

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылда Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны барлығымызға мəлім. Жолдауда көптген жаңа тың идеялар, жүзге жуық тапсырмалар мен ұсыныстар бар. Бұл идеялар еліміздің болашағына жасалған нық қадам деп сеніммен айта аламыз. Қазіргі таңда елімізде көптеген нашақорлыққа, есірткі деген сияқты заңсыз істерге апаратын амалдар көбейіп кетті. Соның кесірінен денсаулыққа, тіпті қоршаған ортамызға зиянды әсерін тигізіп жатыр. Осындай заңсыз істердің алдын алу үшін, Мемлекет басшысы заң мен тәртіпті күшейтуді қолға алды. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Осы Президент Жолдауы – Жаңа Қазақстанда әділетті қоғамды құруға бағытталған басты бағдар.

Бексұлтан Мағрупжан дебатшы,

Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж қазақ тілі және әдебиет оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *