Заң және тәртіп

 Заң және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс жасауда. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы басты назарда. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда көшедегі келеңсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылықтан бастап кез келген қылмыстық құқық бұзушылықтың қай түріне болмасын бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүргізілуі қажет деген ойдамын. Шынында заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі.

 Ақниет Арыстан, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *