Жолдау — жаңа қадамдар негізі

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Мемлекет басшысы Жолдауда экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталды. Қазіргі таңда, экономикалық өсу деңгейі сақталып, халықтың әл-ауқаты біртіндеп жақсарып келеді. Сондықтан, экономикамызды нығайту, инновациялар енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру – біздің ортақ мақсатымыз. Біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайту жолында жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Сонымен қатар, жастар ретінде, біз инновациялар мен заманауи технологияларды дамытуға белсенді түрде қатысуға дайынбыз. Экономиканың әртараптандырылуы, шағын және орта бизнесті қолдау, жас кәсіпкерлерге жағдай жасау — еліміздің болашағы үшін маңызды қадамдар деп санаймыз. Бізге жастарға жұмыс орындары мен даму мүмкіндіктерін көбейту, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету маңызды.

Қуаныш Төлеутай, журналист, волонтер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *