Жолдау – 2024
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ еліне жариялаған Жолдауы еліміздің басты құжатына айналды. Қазіргі таңда Жолдаудағы ұсыныстар мен тапсырмалар қарқынды түрде жүзеге асыруда. Нәтижесінде дамудың жаңа бағдарына жетуіне сеніммен қараймыз. Халықтың тұрмыс-әлеуетін жақсартуда бірқатар өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Мысалы, ақша-несие саясатын жақсарту, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұлымды жақсарту, ұлт денсаулығын нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты негізгі бағыттар қамтылды. Осы биылғы Жолдау елімізге жаңаша көзқарастар алып келді десек болады. Бұл нәтижелердің барлығы тек аянбай еңбек етумен, бірлік жолында болатынын көрсетеді. Жолдау жарқын болашаққа үміт пен Қазақстанның дұрыс бағытта келе жатқанына сенімділік береді. Осылайша, әр жыл сайын еліміз қарқынды дамып тұрса, келешек ұрпақтарымыз да аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосатынына сеніміміз мол.
Лаула Матай, белсенді жас