Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Жолдау – оң өзгерістердің бастауы

2024 жылдың 2 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі алтыншы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жолдады.
Онда Парламенттің бір жылда атқарған жұмысына оң баға беріп, маңызды 102 заң қабылданғанын тілге тиек етті. Халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжат –оң өзгерістердің бастауы екенін айқындап тұрғандай.
Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтіп, атқарылуға тиісті жұмыстардың бағдарын көрсетті. Әр Жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық. Олай болса еліміздің жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау әр азаматтың борышы.

Алтыншаш ЖҰМАДІЛДИНА,
Байдалы би ауылдық округінің медбикесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *